Санаев мұқтаж жандарға 31 миллион жұмсауға уәде берді

3199
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев 2020 жылғы Олимпиаданың нәтижесі үшін берілетін сыйақыны мұқтаж жандарға көмектесу үшін жұмсамақшы. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

«Бүгін мен эмоцияға қарық болдым және барлық қазақстандықтарға сенімі, қолдауы мен мүмкіндігі үшін ризашылығымды білдіргім келеді! Спорт - бұл миллиондаған адамдардың эмоциясы мен шабыты, бұл бізге тыныштық сыйлайтын күш.

Бала кезімнен Олимпиаданың алтын медалін алуды, сондай -ақ мұқтаж, кедей және науқас балаларға көмектесуді армандадым. Сондықтан арманымды орындау үшін мен барлық сыйақымды Қазақстанның кедей отбасылары мен науқас балаларына бергім келеді. Олар бақытты болсын», - деп бөлісті Нұрислам Санаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер