Маңғыстау облысында соңғы екі аптада 900-ге жуық кәсіпкерлік нысаны тексерілген

2300
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты шектеу шараларының сақталуын бақылау күшейтілді. Тексеру қорытындысы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратованың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Облыста демалыс күндері, яғни 30 шілде-1 тамыз және 6 тамыз-8 тамыз аралығында Ақтау қаласында 246 нысан тексеріліп, 71 нысанға акт толтырылған.

Атап айтқанда, "Н2О", "PR", "Монтана бланка", "Мэрилин", "Tangiers" түнгі клубтар мен лаундж барлары, "Мұнайшы", "Aktau Palaca", "Самарқанд", "Seasons", Кәуап № 1" мейрамханалары, "Мечта", "Зета" дүкендері, "Victory", "Әлем" моншалар мен бассейндері, "Champions", "BlackHole", "Арена", "LOG", "Спэйс", "Джек", "Джек" компьютерлік және ойын клубтары, "Шамс", "Тонгал хаус", "Beer&Meet" , "Салам бро", "EL lounge bar", "Тонгал хаус" , "На разлив", "Монако", "Донерист", "БайЕр", "Бистро", "Дядя Гадим", "Айтан", "Coffee Boom", "Карамель", "Charcoal Doner" , "ТӘЅН FOOD" , "Маида" , "Узбечка", "Али Донер", "Шығыс тағамдары" кафелері, "8-9", "Пивко" сыра-барлары, т.б. бар.

Жаңаөзен қаласында 133 кәсіпкерлік нысан тексерілді. Нәтижесінде 3 нысанға акт толтырылды. "Атамекен", "Ақсұлу" мейрамханасында үйлену тойы мен "Дуплет" бильярд клубында заң бұзушылық анықталды.

Мұнайлы ауданында 114 кәсіпкерлік нысан тексеріліп, 10 кәсіпкерлік нысанға акт жасалды. Олардың қатарында "Бәйтерек", "Атамекен", "Ақ сарай", "Мирас", "Royal Palace" мейрамханалары, "Ердәулет", "Бақсарай", "Болат", "ББ Мұнайлы суши" кафесі, "Ақбұлақ", "777" моншалары бар.

Бейнеу ауданында 110 кәсіпкерлік нысан тексерілді. "Медиман" құрылыс дүкені мен 1 кәсіпкерге акт толтырылды. Ал Түпқараған ауданында 100-ден аса нысан тексеріліп, бір нысанға акт толтырылды. Қарақия ауданында 26 нысан тексерілді, заң бұзушылық анықталған жоқ. Маңғыстау ауданында 162 нысан тексерілді, заң бұзушылық анықталған жоқ.

Жиында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына түсіндіру жұмыстарын одан әрі жүргізу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер