Жаңа оқу жылында «Әліппе» қайта оралады

6873
Adyrna.kz Telegram

«Әліппе» және «Букварь» оқулықтары Қазақстан мектептеріне қайта оралып жатыр. Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында оқулықтарды таныстырды.

«Бірінші қыркүйекте өтетін іс-шарада біз алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға салтанатты түрде «Әліппе» оқулығын табыс етуіміз керек. Бұл – игі дәстүр. Аталған бағыттағы жұмысты уақытылы ұйымдастыру кажет. «Әліппе» – бүлдіршіндердің алғашқы оқулығы. «Әліппе» оқулығы әзірленіп, өңірлерге жеткізіліп жатыр. «Әліппе» ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалды», – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер