17 жасар жасөспірім суға батып кетті

4000
Adyrna.kz Telegram

Атырауда 17 жасар жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті. Бұл туралы облыстың ТЖД баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2021 жылдың 2 тамызында Атырау облысының Томарлы ауылында 2004 жылы туған жасөспірім суға батып кетті. Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларына қоңырау 19 сағат 14 минутта түсті. Оқиға орнына келген құтқарушылар жедел су асты іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Сағат 21:03-те жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері суға батып кеткен жасөспірімнің денесін тауып, су астынан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды»,– делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Атырау облысының су айдындарында 21 адам қаза тапқан.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер