Түркияны отқа ораған кімдер?

8606
Adyrna.kz Telegram

"Yeni safak" үкіметтік газеті Түркияда болған өртке елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшылар партиясымен байланысы бар «От балалары» аталатын топтың қатысы бар екендігін жазып,  олардың жауапкершілікті өз мойнына алғанын мәлімдеді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Түркияның ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирлидің айтуынша, соңғы күндері Түркияның Анталия мен Мугла курорттық провинцияларында болған бес өртке дейін елде 107 орман өрті сөндірілген.

Ал Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Коджа жексенбі күні хабарлағандай, Түркияда орман өртінен қаза тапқандар саны сегізге жеткен. Ал зардап шеккендер саны  — 864 адам.

Қазір бұл жағдайға байланысты жан-жақты зерттеу-тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер