Эпидемиолог ескерту жасады: коронавирус пандемиясы ұзаққа созылмақ

3470
Adyrna.kz Telegram

РҒА корреспондент-мүшесі, Роспотребнадзор ОҒЗЭИ директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Александр Горелов аурудың ұзаққа созылатынын айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Шынымен де, дельта штамының генотипі вирустың жылдам таралуымен және аурудың ауыр формасымен ерекшеленеді. Жаңа штамм инкубациялық кезеңнің мерзіміне кейбір түзетулер енгізді – ол қысқарып, ал ауру ұзақтығы, керісінше, ұлғайып отыр. Өйткені коронавирус ауыр түрде өтеді», - деді ол.

Сонымен қатар Горелов коронавирусқа қарсы вакцина алудың маңыздылығын айтып өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер