Ауғанстаннан АҚШ-қа 20 мыңнан астам адам эвакуацияланады

3474
Adyrna.kz Telegram

Арнайы иммиграциялық бағдарлама бойынша Ауғанстаннан АҚШ-қа 20 мыңнан астам адам эвакуацияланады деп күтілуде. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды өкілі журналистерге арналған арнайы брифингте мәлімдеді.

«Бұл бағдарламаға жүгінгендердің жалпы саны 20 мыңнан асады», - деді ол.

Оның сөзіне сүйенсек, ТАСС келтірген, өтініш берушілердің жартысы тіркеу процесінің бастапқы кезеңдерінен де өтпеген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті АҚШ әскери күштерімен ынтымақтастықта болған 2500 Ауғанстан азаматтары арнайы иммиграциялық визалар алғанын мәлімдеген. Олар Вирджиния штатындағы Форт Ли қаласында уақытша орналасады.

IA REGNUM хабарлағандай, бүгінге дейін АҚШ өз әскерлерін Ауғанстаннан шығаруды аяқтаған еді. АҚШ президенті Джозеф Байден бұрын американдықтармен ынтымақтастықта болған азаматтарды эвакуациялап жатқанын айтты. Американдық әкімшіліктегі дереккөздердің айтуынша, Вашингтон Ауғанстанның 2500 азаматын үшінші елдерге емес, тікелей Америка Құрама Штаттарына көшіруге ниетті.

Жалпы алғанда, АҚШ 12 500 жергілікті тұрғынды Ауғанстаннан шығаруға дайын.

Пікірлер