Іле Алатауының тауларында жоғалып кеткен адам табылды

4268
Adyrna.kz Telegram

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалған адамды Мәншүк Мәметова шыңының мұздығынан тапты, деп хабарлайды "Адырна" zakon.kz-ке сілтеп.

19 шілдеде мұздықты зерттеу кезінде РОСО қызметкерлерінің жаяу тобы бір адамды анықтады. Ол қатты тоңып қалған, құтқарушылар оны жылы киіммен қамтамасыз етті. Оған медициналық көмек қажет болмады. Қазіргі уақытта РОСО жедел тобы туристермен бірге таудан түсіп келе жатыр.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі


18 шілдеде турист Іле Алатауының тауларында жоғалып кетті. Іздеуді РОСО құтқарушылары Альпинизм Федерациясының альпинистерімен бірге жүргізді. Жоғалғандарды іздеуге «Қазавиаспас» АҚ тікұшағы жұмылдырылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер