Әр жексенбіде жәрмеңке өтеді

1128
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, Қаратау ауданда 16 ірі сауда үйінде мониторинг жүргізіледі.

Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әлімқұлов «akimat_shymkent» парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді.

Аудан аумағында әр жексенбі сайын Нұрсәт ш/а «Рахима-плаза» сауда үйінің жанында 192 кәсіпкердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі өткізіледі.

Аталған жәрмеңкелерде аудан әкімдігінің қызметкерлері әр апта сайын карантин талаптарын сақталуын, таңғы 8:00-ден 15:00-ге дейін қатаң талаппен қадағалауда.

Сонымен қатар, Қаратау ауданы тұрғындарын сапалы, төмен бағада халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы Төле би, Ордабасы аудан әкімшілігімен меморандум түзіліп сауда орындары берілді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер