2021 жылғы 30 маусымда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларымен семинар-кеңес өтті.
Кеңес барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды, тексеру комиссиясының өкілі Шалқар Жақанұлы Қосабаев, ол өз сөзінде тексеру қорытындылары бойынша жиі бұзушылықтарды атап өтті.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ТжКБ бөлімінің басшысы Жанагүл Серікпайқызы Жумина техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидалары туралы айтты.
ТжКБ әдістемелік кабинеті басшысының м.а. Марал Меңдібайқызы Бокаева білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған бірыңғай білім беру кеңістігі режимінде жұмыс істеу үшін ТжКОБ ұйымдары арасында өзара тиімді әлеуметтік әріптестік, желілік өзара оқыту жүйесін құру мақсатында әзірленген «Серіктестік алаңы» жобасын таныстырды. Желілік оқыту өңірлер колледждері арасындағы әріптестікті дамыту үшін жаңа шекаралар мен мүмкіндіктер ашады және оларды әрі қарай дамыту траекториясын анықтайды.
Колледж басшылары мемлекеттік орган өкілдеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қажетті түсініктемелерді алды.
Көтерілген мәселелер облыстың білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Біздің ортақ міндетіміз – белсенді азаматтық ұстаным таныту, парасаттылық, адалдық және сатылмаушылық қағидаттарын қалыптастыру.