Шымкент - таза қала!

3312
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай "Бірге таза Қазақстан" акциясы дәстүрлі түрде бұл жылы да өз жалғасын тапты.

Қоршаған ортаның ластану проблемасына, өлкеміздің табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аударуға мүмкіндік беретін бұл іс-шараға Қаратау ауданының тұрғындары белсене атсалысты.

500-ге тарта аудан әкімдігі қызметкерлері мен тұрғындары, әлеуметтік нысан иелері аумақты қоқыстан тазалады. Сенбілікке 15 арнайы техника жұмылдырылды.

Тұрғындар үй аулаларын тазалап, желден кейінгі шашылған ағаш бұталарын жинады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер