Жаңа қаулы: 15 шілдеге дейін вакцина алу міндеттеледі

2364
Adyrna.kz Telegram

15 шілдегп дейін вакцина алу міндеттеледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жаңа қаулыда:

Мынадай ұйымдардың қызметкерлері вакцина алмаған жағдайда жұмыс істей алмайды:

• Қызмет көрсету объектілері;
• Халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің;
• мәдениет және демалыс объектілерінің;
• халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің;
• жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар;
• білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының;
• санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің;
• қоғамдық тамақтану объектілерінің;
• барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің;
• денсаулық сақтау ұйымдарының;
• дәріхана ұйымдарының;
• тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің ;
• экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың;
• демалыс объектілерінің;
• ойын-сауық ойын объектілерінің;
• байланыс және телекоммуникация объектілерінің;

Ал вакцинация алмаған қызметкерлер 7 күнде 1 рет міндетті түрде ПТР-тестілеуден өтуі керек.
Облыстар мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне, "Атамекен" ҰКП-ға, ұлттық компанияларға, ұйымдардың басшыларына, жеке және заңды тұлғаларға Сovid-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді міндетті түрде шектеу тапсырылды.
1) 2021 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын;
2) профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының профлактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін;
3) COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектесін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы 2021 жылғы 2 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Пікірлер