Пойыз қағып өлтірді: Оралда жантүршігерлік оқиға орын алды

4495
Adyrna.kz Telegram

Оралда Нұр-Сұлтан - Орал бағытында жолаушылар пойызы 25 жастағы жігітті қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Мой город» порталының хабарлауынша, оқиға 28 маусым күні таңертең 4-шағын ауданда болған. Ер адам белгіленбеген аймақтан пойыз жолды кесіп өтпек болған. Өкінішке қарай, ойы іске аспай, оқиға қайғылы аяқталды.

"Зардап шегуші қалалық жалпы ауруханаға жеткізілді. Соңғы деректерге сүйенсек, ер адам ауруханда қайтыс болды", дейді БҚО денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.

"Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл іс бойынша басқа ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүдделері үшін жария етілмейді", дейді көлік қозғалысының ПД.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер