Ақмола облысында әйеліне гүл алып бергісі келген азамат келмес сапарға аттанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
52 жастағы тұрғын өзінің азаматтық некедегі жұбайымен Жабай өзеніне балық аулауға шыққан екен.
"Ер адам өзен гүлдерін теру үшін сумен жүзген. Ол қайтып жүзіп бара жатқанда, суға батып кетті. Тұрғынды іздеу үшін Ақмола облысы төтенше жағдайлар қызметінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шақырылды. Бүгін таңертең ер адамның денесі табылды", - деп хабарлады облыстың ТЖМ баспасөз қызметінде.
Құтқарушылар тағы да жағалаудағы және су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:
тек рұқсат етілген жерлерде және жағажайларда шомылуға болады.
Тыйым салынған белгілер болса, суға түспеңіздер. Ескерту белгілері бар жерле суға түспеңіз. Күнге қыздырынып тұрғанда суға секірмеңіз; мас күйде суға түспеңіз, қалың шөптер арасынан суда жүзуге болмайды.