Қазақстанда өткен тәулікте 1 145 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
Бір күн бұрын денсаулық сақтау министрлігі 1 068 адам вирус жұқтырғанын хабарлаған болатын.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан – 343, Алматы – 109, Шымкент қаласы – 31, Ақмола облысы – 37, Ақтөбе облысы – 25, Алматы облысы – 41, Атырау облысы – 62, Шығыс Қазақстан облысы – 76, Жамбыл облысы – 15, Батыс Қазақстан облысы – 84, Қарағанды облысы – 150, Қостанай облысы – 33, Қызылорда облысы – 26, Маңғыстау облысы – 39, Павлодар облысы – 41, Солтүстік Қазақстан облысы – 21, Түркістан облысы – 12.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 405 209 адамға жетті.
"Адырна" ұлттық порталы