Тоқаев Жансая Әбдімәлікті құттықтады

2124
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Уәли өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл жеңісті зор мақтаныш санайтынын айтты.

«Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз»,– деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер