Елімізде коронавирус жұқтырғандар туралы 2021 жылғы 30 мамырдағы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Бүгінгі мәлімет бойынша, 28 254 адам коронавирустан (27 664 КВИ+ және 590 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде:
- 10 843 науқас стационарда,
- 17 411 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 679 адамның жағдайы ауыр,
- 150 науқастың жағдайы өте ауыр,
- 103 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы