Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін сағат 20:00-де өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі отырыста бейнеүндеу жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстел отырысында бейнеүндеу жасайды. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары деңгейіндегі бұл виртуалды форум БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтеді», - дейді Берік Уәли.
Жиынның тікелей көрсетілімін БҰҰ-ның веб-сайтынан көруге болады.
"Адырна" ұлттық порталы