Instagram желісінде бразилиялық футболшылардың қазақтың шапанын киіп, «Қаражорға» биін билеген бейнежазбасы тарап кетті. Видео Атырау кіші футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Қаражорға» биін билеген шетелдік футболшылар: Эвертон, Эрик Данило, Синезио, Антонио Далтон, Келсон Винисиус және Манеку.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Дәстүр бойынша, еліміз үшін қадірлі мейманның еңбегі ескеріліп, жергілікті халықтан шапан сыйлыққа алады. Біз де Бразилиядан келген қонақтарға шапан тарту еттік», – делінген парақшадағы хабарламада.
"Адырна" ұлттық порталы