Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.
"Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке аталған елге 6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, 50 мың обаға қарсы арнайы киім және елімізде өндірілген 105 жасанды жолмен дем беру аппараттарын гуманитарлық көмек ретінде жіберуді тапсырды",- делінген ресми сайтта.
Айта кетейік, Үндістанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 414188 адам тіркелген. Әлемнің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек келіп жатса да, қауіпті індетке төтеп беру қиын боп тұр.