Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2019 жылы қайта іске қосылған «Alliance» жіп иіру фабрикасында болды. Фабрика жылына 5000 тонна мақта талшығын өңдеп, 4500 тонна иірімжіп өндіруге қауқарлы.
Кәсіпорын жұмысымен танысу барысында қала басшысы Оңтүстікте өндірілетін мақтаның барлығын толығымен Шымкент қаласында өңдеу – үшінші мегаполистің экономикасын дамытуға үлкен септігін тигізетінін атап өтті.
Өткен жылы 268 млн. 158 мың теңге көлемінде өнім өндірілген. Сонымен қатар, Түркияға – 127 тонна, Ресейге – 40 тонна, Қытайға – 116 тонна және Румынияға – 13 тонна иірімжіп экспортталған.
Бүгінгі таңда тігін фабрикасында 78 адам жұмыспен қамтылған.
ФОТО: Береке СЕЙІТЖАППАР
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі