Шымкент қаласында Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс барысымен танысты.
Бүгінге дейін игерілген қаржы – 550,0 млн теңге. 2021жылға 1 643,7 млн теңге қаралған: республикалық бюджет - 1 100 млн, жергілікті бюджет – 543,7 млн теңге.
Қазіргі таңда 70000 текше метр жер жұмыстары, тіреу қабырғаларын құю (270 м), тіреу қабырғаларының каркасын тоқу (4 секция), су құбыры (1,92 шақырым), газ құбыры (1,82 шақырым), байланыс сымдарын ( 0,6 шақырым) орнату, тағы басқа жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, биыл сәуір айының соңына дейін бірқатар жұмыстарды аяқтау көзделуде. Атап айтқанда, 30 000 текше метр жер жұмыстары, тіреу қабырғылырын құю (40 м), су құбыры (0,250 шақырым), газ құбыры (0,160 шақырым), электр және байланыс сымдарын орнату, электр бағаналарына демонтаж (3 дана), свай құю (өткел) жұмыстарын орындау жоспарлануда.
Шымент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі