Бірқатар көшелерде шұңқырларды жамау жұмыстары аяқталды

2663
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында қазіргі таңда Рысқұлов көшесінің қиылысынан бастап Өтегенов көшесінің қиылысына дейін Қазиев көшесі, А-2 Хоргос-Алматы-Шымкент автомобиль жолы Бадам өзені көпірінен бастап Қазығұрт шағынауданына дейін, Темірлан тас жолы Алпысбаев көшесінің қиылысынан бастап Аэропорт жолының қиылысына дейін, Жолан батыр, Алпысбаев көшелерінде шұңқырларды асфальт-бетон қоспасымен жамау жұмыстары аяқталды.

Алдағы уақытта қаланың барлық көшелеріндегі шұңқырларды жамау жұмыстары кесте бойынша атқарылады.

Бірінші кезекте шұңқырларды жамау жұмыстары көлік ағыны көп магистралды көшелерінен бастау алып, одан әрі ішкі орам көшелерінде жүргізіледі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер