Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуіне байланысты карантин талаптарын сақтауды бақылайтын мобильді топ күшейтілген күн тәртібінде жұмыс жасап жатыр.
Бүгін Абай ауданы аумағында орналасқан «Самал» және «Тұлпар авто-бөлшек» сауда базарларын кезекті рет аудан әкімі Б.Парманов өзі аралап, карантин талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бұдан бөлек, шара барысында адам көп жиналатын аялдамаларда, қоғамдық көліктердегі жолаушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бетперде таратылды.
Сонымен қатар, мобильді топ аудан аумағындағы "Жабық", "Барыс" және Жібек жолы" базарларында ақпараттық жұмыстар атқарды.
Қала тұрғындары мен қонақтарын карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі