Алматыда локдаун енгізіле ме, Бекшин жауап берді

2966
Adyrna.kz Telegram

Алматыда локдаун енгізіле ме, қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жандарбек Бекшин қаланы жабу туралы сұраққа жауап бере отырып, қазір Алматыда халыққа белсенді вакцинация жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Үкімет вакциналардың көп мөлшерін бөлді. Вакцинация белсенді түрде жүргізілуде. Біздің ойымызша, мамыр айында ауру саны жоғары болады, бірақ мамыр айының аяғынан бастап аурудың төмендеуіне қарай Алматы толық локдаунға дейін жетпейтін секілді», деді Жандарбек Бекшин.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер