Ағаштың бірін таңдап, өзіңіз туралы сыр біліңіз

9793
Adyrna.kz Telegram

1-ағаш

Кемелділікке ұмтылатын, өте сезімтал әрі мейірімді адам. Аздаған менмендігі бар. Адамдармен бірден сөйлесіп кете алмайды. Еңбекқор. Өзін ренжітпейінше, барлығына жақын адамындай қарайды. Достарын қандай жағдай болмасын қадірлей біледі. Біреу ренжітсе, көпке дейін ұмытпайды.

2-ағаш

Жауапкершілігі мол, шыншыл әрі айналадағыларға өте қызықты адам. Пысық, өзінен сөз асырмайды. Әңгімелесуші адамның сеніміне бірден ие болады.

3-ағаш

Ақылды әрі терең ойлайтын адам. Өзі секілді адамдармен ғана жақсы сөйлеседі. Қоғам үшін маңызды әрі көп адам басын қатыра бермейтін істермен айналысады.

4-ағаш  

Зерек адам. Бұл адамның қылықтарын айналадағы адамдар түсінбей, жүрегіне тиетін сын айтулары мүмкін. Аздаған философиялық ойлары бар, махаббат пен мейірімділікті талап ететін, эмоцияға берілгіш жан.

Пікірлер