Медицина ғылымдарының кандидаты, невролог Ольга Голубинская есінеудің қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Негізі адам ұйқысы келгенде ғана есінейді. Бұл қалыпты үрдіс. Алайда адам үнемі есіней берсе, қорқынышты. Себебі үнемі есінеу белгілі бір аурудың симптомы болуы мүмкін.
Арнайы мамандардың айтуы бойынша, есінеу жүрек ақауының бар екенін білдіреді.
"Ұйқының бұзылуымен байланысты психикалық бұзылулар — невроздар, депрессия, үнемі есіну пайда болуы мүмкін", — деп қосты дәрігер.
Голубинская өз сұхбатында, егер есінеу тағы да бір қызық іс-әрекеттермен бірге орын алса, дереу дәрігерге қаралып, кеңесін алу қажет.
"Астения, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, концентрацияның бұзылуы, алаңдаушылық, бас ауруы, көңіл-күйдің төмендеуі, қысымның төмендеуі сияқты құбылыстар бар. Көбіне вегетативті белгілер адамды есінеуге итермелейді", - деді ол.