Елорда орталығында жол опырылып түсті

2057
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда Шоқан Уәлиханов пен Ғұмар Қараш көшелерінің қиылысында жол опырылып түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Учаске қоршалып, опырылған жерді түзету жұмыстары жүргізілуде.

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің хабарлауынша, бұл келеңсіз жағдай "мердігер ұйымның диаметрі 300 миллиметр СДР 17 құбырын тесу әдісімен төсеу кезінде технологиялық процесті сақтамауына байланысты" орын алған екен.

"Бұзушылыққа жол берген мердігер ұйым жауапкершілікке тартылады. 19 сәуірде әкімдік басқармалары, ШЖҚ "Elorda Eco System" МКК, сондай-ақ ЖП ӘПБ жол төсемін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді", - деді ведомствода.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер