Сәукеле киген қарындастарымыз кимешек киер жасқа келе берсін!

2615
Adyrna.kz Telegram

«Қыз мұраты – кету», «Қыз – жат жұрттық» деп қыз баласын қадірлеп, оң жақтан орын берген халықпыз. Ата-ананың басты мақсаты – қызына басқа үйдің отын жағып, түтінін түзу ұшыратын боласың деп барынша дұрыс тәрбие беру, сондай-ақ құтты жеріне қондыру.

Елін ойлаған, ұрпағының қамын жеген ата-бабаларымыздың жолы ұлағатқа толы. Қыз ұзатуға қатысты ұрын бару, қыз қашар, той малы, бата аяқ, сүт ақы, жігіт түйе, жасау, ау-жар, сыңсу, шарғы, қыз көші, түйемұрындық т.с.с салт, ғүрыптарымыз бар. Бұлардың арасында көнергендері де жоқ емес.

Елімізде қыз ұзату тойларында жиі орындалып жүрген сазгер Жарылқасын Дәулеттің әніне жазылған ақын Ержан Жұмабекұлының «Қыз ұзату» атты өлеңін ұсынамын. Сәукеле киген қарындастарымыз кимешек киер жасқа келе берсін!

Қуаныш Жұмабекұлы,
PhD докторы

Пікірлер