Өткен тәулікте Алматы облысында індеттің зертханалық расталған 18082 дерегі тіркелді. Өткен тәулікте 232 адамнан коронавирус анықталды. Өңір "сары аймаққа" өтті.
Тіркелген деректің 44-і - Талдықорғанда, 38-і - Іле, 33-і - Талғар, 30-ы - Жамбыл, 29-ы - Еңбекшіқазақ, 13-і - Ұйғыр, 11-і - Панфилов, 10-ы - Қарасай, 5-еуі - Сарқан аудандарында, Ескелді ауданы мен Қапшағай қаласында – 4-тен, Көксу және Балқаш аудандарында – 3-тен, Кербұлақ пен Алакөл аудандарында - 2-ден, Ақсу ауданында – 1 жағдайдан анықталды. Сырқаттармен байланыста 452 адам болған, олар үй карантинінде, медициналық бақылауда.
Өткен жылдың тамызынан бері анықталмаған пневмонияның 3068 дерегі тіркелген, ал соңғы тәулікте 10 жағдай, Еңбекшіқазақ ауданында 6, Жамбыл ауданында 3, Ақсу ауданында 1 науқас тіркелді. Олармен 27 адам байланыста болған, бәрі де үй карантинінде және медицина мамандарының бақылауында.
Ауруханаларда 2617 адам ем алып жатыр, оның ішінде 25 науқастың жағдайы ауыр. Бір тәулікте 296 адам ауруханаға жатқызылды. 226 адам емделіп шықты. Инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы - 60 пайыз. Соңғы 3 күнде ПЦР тәсілімен 11 108 адам тексерілді.