Қазақстан мен Маңғолия арасында тікелей әуе рейсі қатынамақ

3276
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық әуекомпанияларға Транссібір бағытын пайдалану арқылы ұшу құқығы берілді. Қазақстан мен Ресейдің қалыптасқан екіжақты серіктестік ынтымақтастығының негізінде Ресей Федерациясы территориясының әуе кеңістігімен ұшу мәселесі жөнінде келісім жасалды, деп хабарлайды BAQ.kz.

 

Бұл туралы ИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Келіссөздердің қорытындысы бойынша, қазақстандық әуекомпанияларына Ұлан-Батыр мен Токиоға кедергісіз жаңа бағыт ашуға мүмкіндік беретін Транссібір бағыты жүйесін қолдану арқылы ұшу құқығы берілді. Аталмыш мәселе ұзақ уақыт талқыланды" - делінген министрліктің ресми сайтында.

Сонымен қатар, қазақстандық тасымалдаушылар Астана-Байқоңыр және Алматы-Байқоңыр бағыттары бойынша күн сайынғы рейстер орындау құқығын алды. Тараптар келісімді хат алмасу жолымен бекітті.


"Бақ" кз

 

Пікірлер