Украинаның оңтүстік-шығыс шекарасында сепаратисттер қолынан 5 адам оққа ұшты

5714
Adyrna.kz Telegram
Украинаның оңтүстік шығыс шекарасында жағдай ушығып жатыр. Сепаратисттердің қолынан 5 Украина азаматы оққа ұшты.
Қайтыс болған Украина азаматтары терроризиге қарсы арнайы жасақтың құрамындағы сарбаздары екен. Бүгін Украинаның күштік құрылымдарына шекара маңындарғы бірнеше блокпосттарды бекітіп, сақтық шараларын күшейтуге тапсырма берілді.
Сонымен қатар оқиға орнында әскери қызметтегі азаматтардың арасында бірнешеуі жарақат алған. Оқиға орын алған шептерге қорғанысты қамтамасыз етуге бронотехникалар мен тікұшақтар жеткізілді. Бұл жайында Белорустың СТВ каналы ақпарат берді.
Мұнымен қоса Мариупольде де қала мэріне шабуыл жасалап, бірнеше адам жарақат алған. Қаруланған адамдар ғимаратқа басып кірген.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер