Оқушылар мектепке қашан оралады?

3716
Adyrna.kz Telegram

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалардың мектепке қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-сілтеме жасап.

«Жауап өте қарапайым: пандемияға қатысты жағдай жақсарған кезде және аймақтар "сары", содан кейін "жасыл" аймақта болған кезде. Әдетте, аймақтар "жасыл " аймаққа кірген кезде, балалардың барлығы дерлік оқуға құқылы. Вакцинация науқанына, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулердің орындалуына байланысты да қарастырылады. Бұл бәрімізге де байланысты», деді министр ОКҚ онлайн брифингінде.

Сонымен қатар, Аймағамбетов егер қазақстандықтар санитарлық дәрігерлер айтатын талаптар мен ұсыныстарды ұстанатын болса, онда ел «пандемияны тезірек ауыздықтай алады және балалар оқуға тез мектепке оралатын болады» деп баса айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер