Facebook әлеуметтік желісінің қызметкерлері аудиториямен байланыс орнатуға арналған тестілеу режимінде Hotline атты жаңа желі қосымшасын іске қосты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Techcrunch-тың айтуынша, Hotline жаңа қосымшасы аудиториямен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Шын мәнінде, HotLine қолданушысының интерфейсі Clubhouse, Twitter Spaces немесе тек дыбыспен жұмыс жасайтын кез-келген басқа әлеуметтік желілерді пайдаланған адамдарға түсінікті болады.
Алайда, жаңа қосымшаның айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, аудитория бөлімі тек оқиғаны бақылап отыратындар мен сұрақтар қоятындарға бөлінеді. Hotline мен Clubhouse арасындағы тағы бір маңызды айырмашылық - Hotline оқиғалары жазылады.
«Веб-қосымшаны Instagram Live және Clubhouse гибридтері ретінде сипаттауға болады. Бұл авторларға мәтінді немесе аудио форматта сұрақтар қоя алатын аудиториямен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Алайда, Clubhouse-тан айырмашылығы, тек дыбысты ғана пайдаланып қоймай авторлар өздерінің камераларын қоса алады», - деп жазады портал.
Басылымның мәліметінше, әзірлеушілер Hotline ұсынысы тексеріліп жатқан кезде кез-келген адам қызметке тегін қосыла алады дейді. Қазіргі уақытта аудиторияның саны шектеулі емес. Алайда, атап өткендей, бұл уақыт өте келе өзгеруі мүмкін.
"Адырна" ұлттық порталы