Бекшин Рамазан айының қарсаңында алматылықтарға үндеу жасады

4258
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Рамазан айы қарсаңында Алматы тұрғындарына үндеу тастады,  деп хабарлайды "Адырна" тілшісі дереккөзге сілтеме беріп.

«Біз қасиетті Рамазан айының қарсаңында үндеу тастаймыз. Өткен жылы ауызашар жиындарын жиі өткізу, аурудың күрт өсуіне әкеп соққан еді. Биылғы жылы ұжымдық іс-шаралар, соның ішінде үйде, бір отбасының мүшелері ғана қатыса алады. Біз бұқаралық ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салдық, оны есте сақтау керек. Бұл сіздің де мүддеңізге сәйкес келеді », - деді Бекшин.

Еске салайық, 2 сәуірде Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойдған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер