Атырауда көктемгі балық аулау маусымы басталды

1567
Adyrna.kz Telegram

Көктемгі балық аулау маусымы 25 мамырға дейін жалғасып, 1 тамызда тоқтатылады.

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, 24 наурызда 30 кәсіпорын көктемгі балық аулау маусымына кіріскен. Ал, өткен аптада Құрманғазы ауданындағы жергілікті 5 өндірістік кооператив пен серіктестік балық аулауды бастаған.

Қазір облыстың балық шаруашылығы саласында 4,5 мың адам жұмыс істейді. Олар тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылып отыр. Көктемгі балық аулау маусымы 25 мамырға дейін жалғасып, 1 тамызда тоқтатылады. Ал, күзгі балық аулау тамызда маусымы басталып, мұз қатқанға дейін созылады. Әр кәсіпорында балық аулау маусымын сәтті өткізуге толық жағдай жасалып отыр. Балық аулау лимиті өткен жылы бөлінді, – дейді Артур Сәдібекұлы.

Пікірлер