Қазіргі қазақ тіліндегі екі функциялы аффикстер

4430
Adyrna.kz Telegram

Шәкәрім университетінің ұйымдастыруымен өткен "Профессор Қинаят Шаяхметұлы және тілтаным мәселелері" атты республикалық ғылыми-практикалық семинарда Қинаят Шаяхметұлының кандидаттық диссертациясы бойынша "Қазіргі қазақ тіліндегі екі функциялы аффикстер" тақырыбында баяндама жасадым.

Қинаят Шаяхметұлы, Арап Сләмұлы, Бауыржан Амангелдіұлы сияқты мықты ғалымдардан үлгі алдық.

Ғылымдағы сабақтастықты сақтау аса маңызды іс қой.
Ұстазымның жолын жалғап, салыстырмалы-тарихи әдіс арқылы салыстырмалы-тарихи грамматика негізінде қазақ және түрік тілдерінің грамматикалық құрылымдарының ұқсастықтарын​ зерттеу мақсатында "Қазақ және түрік тілдеріндегі жануарларға қатысты мақал-мәтелдердің салыстырмалы зерттелуі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған едім (Морфологиялық,​ лексикалық, фонологиялық жүйелеріндегі ұқсастықтары бойынша).

Ғылымның көкжиегін кеңейткен
ұстазымыздың рухы пейіште шалқысын!

PhD докторы
Қуаныш Жұмабекұлы

Фейсбук парақшасынан

Пікірлер