Санкт-Петербургте үш ер адам тарақандарға арналған дәрімен жұмыртқаны пісірген. Екеуі реанимацияға түсіп, бірі өкінішке қарай қайтыс болған. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы «Фонтанка»-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 31 наурыз күні Солтүстік астананың Красносельск ауданындағы тұрғын үй пәтерлерінің бірінде болған. Үш ер адам тарақанға қарсы дәріні пайдаланып, жұмыртқа пісірген. Кейін бірден уланып ауруханаға түскен.
Зардап шеккендердің біреуі жан тапсырды, ал қалған екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.