Ресейдің Волгоград облысының тұрғынын мысығы тістеп алды. Әйел өзін бірден жайсыз сезінген. Көп ұзамай қайтыс болды. Марқұмның мысықтан құтыру дертін жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды РИА Новости.
60 жастағы әйел коронавирусқа шалдықтым деп ойлап, ауруханаға барған. Алайда дәрігерлер құтыру дертінің белгілерін анықтап, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберді.
Науқас 25 наурыз күні көз жұмды.
Эпидемиологиялық тексеріс кезінде әйелдің мысығы мен иті болғаны анықталды. Бір жарым ай бұрын мысығы итін тістеп алған. Бірақ әйел дәрігерлер көмегіне жүгінбеді.