Дмитрий Баландин Түркиядағы турнирде топ жарды

2517
Adyrna.kz Telegram

Жүзуден Түркияда өтіп жатқан халықаралық турнирдің екінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

100 метрге шалқалап жүзуден Әділ Қасқабай төртінші орын иеленді. Әйелдер арасындағы осы қашықтықта Анастасия Резанцева алғашқы төрттіке енген.

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 200 метрге «брасс» әдісімен жүзуде топ жарды. Ол аталған қашықтықты 2 минут 10.11 секундта жүзіп өтті.

50 метрге еркін әдіспен жүзуде Александр Варакин топ жарса, 200 метрге «баттерфляй» әдісімен жүзуде Әділбек Мусин бесінші орынға табан тіреді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер