«Алматы» арнасында «Наурыз» телемарафоны өтеді

3049
Adyrna.kz Telegram

Наурыз – күн мен түннің теңеліп, тіршіліктің ұйқыдан оянатын кезеңі. Ұлыстың ұлы күні халық бір-бірін мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнайды. 

19 наурызда «Алматы» арнасында «Наурыздан Наурызға амандықпен жүздесейік!» атты телемарафон өтеді.

Халқымыздың Ұлық мейрамын арнамыздың «Таңғы Студио» бағдарламасымен басталып, түнгі 22:00-ге дейін жалғасады.

Мерекелік телемарафонда Наурыз мерекесінің тарихы мен дәстүрі туралы тың айтылып, сан ғасырға жалғасқан салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық ойындарымыз дәріптеледі. Телеарна журналистері түсірген эксклюзивті деректі фильм мен бейнебаянның тұсауы кесілмек.
Студия төрінде елімізге танымал тұлғалар, өнер жұлдыздары келіп, сырлы сұхбат өрілмек.

Сонымен қатар, Ұлы мерекеміз туралы қызықты әрі танымды сюжеттер көрсетіледі.
Халқымыздың ерке қызы Мақпал Жүнісова мен муза әлемінің мұзарты «МузАрт» тобының, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің концертін тамашалай аласыздар!

Наурыздан Наурызға амандықпен жүздесейік!

Пікірлер