Танымал әнші Бүркіт анасының 80 жас мерейтойын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мерекелік кеш 17 наурыз күні Абай театрында өткен көрінеді.
Карантин талаптары сақталмағаны видеодан айқын байқалып тұр. Қонақтар маскасыз жүр.
"Анамның 80 жас мерей тойына орай Жамбыл облысының Уәлиханов атындағы кітапхана басшылығының және Жамбыл облысының мәдениет басқармасының әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен тамаша кеш үшін алғысымызды білдіреміз", - деп жазды өнер иесі.