Ақмола облысында әйел зорламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
13 наурызда Көкшетау полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғынынан шамамен түнгі сағат 3-те белгісіз біреудің үйінің кіреберісінде күштеп киімін шешіп, зорлауға әрекеттенгені туралы арыз келіп түсті.
Жәбірленуші ұйқысыздық салдарынан түнде серуендеуге шыққаны белгілі болды. Әйел көршілерінің көмегімен қылмыскердің құрығынан құтылған.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған Бурабай ауданының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.