Қазақстандық музыкант Grammy сыйлығын жеңіп алды

2462
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық 20 жасар музыкант Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

"Музыканттың мансабындағы ең әдемі сәт – Grammyді жеңіп алу. Біз оған қол жеткіздік", - деді ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Марапаттау рәсімі онлайн режимде өтті.

Айта кетейік, отандасымыз SAINt JHN атты әншінің Roses әніне ремикс жазып, үздік атанды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер