«Абайлаңдар, мұнда VIP қазақ қыздары»: жартылай жалаңаш Say Mo мен Байзақова түнгі клубта сайран салды
Аты шулы Say Mo, Байзақова, Мадлен (Мадина Мамадалиева) бар орталығында 8 Наурыз мерекесін тойлатты. Ашық киінген қыздар көп көңіл көтеріп, би биледі деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Say Mo өзінің Instagram әлеуметтік желісінде қыздармен сыра ішіп, көңіл көтеріп отырған видеосын жариялады. Байзақовадан басқа клубта әншінің достары да болды.
Say Mo мерекелік көңілді кешке едәуір ашық киімді таңдады. Ол өзінің 2,8 миллион теңгеге жасатқан кеудесін ашық түрде көрсетті.
«Абайлаңыз, мұнда VIP қазақ қыздары», - деп жазды ол өзінің инста-сторисінде.
Айжан Байзақова да, жамбас аймағы жыртылған тым ашық киімді таңдады.
Олардың сауық-сайранына үлкен ойыншық-қонжық та қатысты. Say Mo онымен ыңғайсыз би билеп, құрбыларын күлкіге қарық қылды.