Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Жақсылықов Бақытжан Алпысұлы Сарысу ауданы әкімінің қызметінен босатылды»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, ақпанда Жаңатастағы көп қабатты үйден өрт шығып, бір үйдің бес баласы қаза болған еді.
«Адырна» ұлттық порталы