«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев көше тазалаушы аналарға құрмет көрсетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Еңбекқор Аналарға құрметім ерекше Әсіресе 7-8 ұл-қызды дүиеге әкеліп, Батыр Ана атанып, тынымсыз тіршілікке араласып жүрген көпбалалы ханымдардың еңбегі ерлікке тең. Халықаралық әйелдер мерекесін «Түркістан жарық тазалық» мекемесінде қызмет ететін дәл осындай 15 көпбалалы Ананы құттықтаудан бастауды жөн санадық. Түркістанға жанашыр әйелдер қауымы айрықша ризалықтарын білдіруде.
Шаңырағының тазалығымен қоса Түркістандай қасиетті шаһарды таңғы 6-дан жинастыратын бұл жандар барлық құрметке лайық. Ал қаламызды таза ұстауға әрбіріміз атсалыссақ, аналардың еңбегін сыйлау әрі, бағалау болар еді. Отбасымыздың берекесі, өміріміздің мерекесі Аналарымыз аман болсын!