Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
27 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 280 адам короновирус инфекциясынан (13 523 КВИ+ және 6 757 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 380 пациент стационарда, 15 900 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 253 адамның жағдайы ауыр;
- 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
«Адырна» ұлттық порталы