Қаладан шалғай орналасқан ауруханаға КТ ақпараты орнатылды

2065
Adyrna.kz Telegram

Сайрам тұрғын алабындағы №3 қалалық ауруханаға жаңа компьютерлік томография аппараты орнатылды. Жаңа қондырғыны алу үшін жергілікті бюджеттен 160 млн қаржы бөлінген.

Сайрамдағы тұрғындар енді КТ аппаратына түсу үшін орталық ауруханаға келіп сабылмайтын болды. Медициналық ұйымға орнатылған қондырғы арқылы дәрігерлер ауыр жағдайда жедел жәрдеммен жеткізілетін науқастарды диагностикалық тексеруден өткізіп, емдеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, медицина мамандары КТ-ны қолдана отырып азаматтарды жоспарлы тексеруден өткізбек.

Айта кетейік, №3 қалалық аурухана көп салалы болғандықтан мұнда 56 орындық перзентхана бар. Медициналық ұйымда балалар, хирургия, терапия, неврология, реанимация сынды бөлімшелер жұмыс істейді. Биыл наурыз айында ауруханада нейрохирургия бөлімін ашу жоспарлануда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер