Алматы облысында ұшақ мәжбүрлі түрде қонды

1762
Adyrna.kz Telegram

Азия Континенталь әуе компаниясының Ан2 әуе кемесі Боралдай - Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км жерде мәжбүрлі түрде қонды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ұшақ бортында 5 адам болған. Ешкім зардап шеккен жоқ»,-делінген хабарламада.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер